01.07.2019 г.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеңіс-шындық немесе арман?
Ағымдағы жылы 06 маусымда «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қаласының Индустриалды-техникалық колледжінің базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеңіс-шындық немесе арман?» атты пікір-сайыс өтті. Колледж студенттері дөңгелек үстел басында жиналып, осы тақырыпқа пікір алмасты. Іс-шара белсенді түрде өтті, барлық оқушылар өз пікірлерін білдіріп, еліміздегі қалыптасқан жағдай, сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейі туралы айтты.
Осы дебатты өткізудің мақсаты оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көрсету болды.
Орналастырылған: 01.07.2019 - 12:31:50
Жаңартылған: 01.07.2019 - 12:32:11